Бүгінгінің Муланы: қытайлық модель Бозжыра мен Торышты насихаттап жүр

Қытайлық саяхатшы-блогер және модель Таотао @tataoaima Маңғыстаудың киелі жерлері мен таңғажайып табиғатында түсірілген кезекті бейнебаянын жариялады, деп хабарлайды


18/03/2026
08:16 64 0

Бейнебаяндағы локациялар 

 

Облыстық Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, әлеуметтік желі қолданушылары арасында батыл образы үшін «Жас Мулан» атанып кеткен блогер бұл жолы Маңғыстаудың ең көрікті нүктелерін әлемге паш етті.

 

Instagram желісінде 3 миллионға жуық оқырманы бар блогердің жаңа видеосында Маңғыстаудың інжу-маржандары саналатын бірнеше локация қамтылған. Бозжыра шатқалы мен Боқты тауында ақ түсті құздардың үстінде қазақы нақыштағы киіммен, қолына бүркіт қондырып, еркіндік символын бейнеледі. Торышта мистикалық тастар арасында құмай тазымен серуендеп, өңірдің жұмбақ табиғатын көрсетті. Каспий теңізі жағасында қара тұлпармен шауып, Маңғыстаудың су мен шөл ұштасқан қайталанбас бейнесін ашты.

 

Қазақстан туризмінің амбассадоры

 

Таотао Маңғыстауға осымен екінші мәрте келіп отыр. Ол бұған дейін Отпан таудағы «Амал» мерекесіне қатысып, қазақ халқының қонақжайлылығына тәнті болған еді.

 

Айта кетейік, Таотао тек сұлулығымен ғана емес, ержүректігімен де танымал. Ол ат үстінде еркін ойнап, қыран құс баптау өнерін меңгерген. Оның әрбір жазбасы ұлттық құндылықтар мен табиғат үйлесімін насихаттайды.

 

Бұған дейін қытайлық танымал блогердің Қазақстан туризмінің амбассадоры атанғаны хабарланған еді. 2025 жылы Таотаоға «Қазақстан туризмінің елшісі» құрметті мәртебесі берілді. Ол бұған дейін Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысы және Алматы облысының көрікті жерлерінде болған.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/03/2026 08:16
64 0

Уведомление